Ананың өмірден алар орны ерекше. Қай ұлтты, қай халқы алып қарасаң да, анасын қастерлеп, қадір тұтпайтын ел жоқ. Ал, Исламдағы әйел адамның орны ерекше. Ұрпақтар жалғасының негізі, ұлт ұйытқысы болған аналардың еңбегі қашан да ерен. Осы орайда, бүгін Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде қызмет ететін апа-аналарымызды халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етілді. Ізгі тілектер мен алғыс айтылып көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні аналардың құрметіне орай осылай атап өтілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Ihsan.kz
Пікірлер