Тілдік нұсқа
Радио

Фото

НҰРА АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ «ИХСАН ІЛІМІ» ТАЛҚЫЛАНДЫ
09 наурыз, 2021 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда Мемлекет ­басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабыл­дауында болып, ­елімізде ­«Ихсан» ілімін насихаттау ­туралы бастама көтерген болатын. Жалпы «Ихсан» сөзі шынайылық деген мағынаны білдіреді. «Ихсан» дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық ету. «Ихсан» ілімі мұсылман баласын әр істе, әр құлшылықта ­шынайы болуға тәрбиелейді. ­Асылында, Алла Тағала барша адамның әр ісін, сөзін, ниетін, тіпті көкейдегі ойын да біледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінде жамағатпен арнайы кездесу ұйымдастырылып, «Ихсан ілімі» насихатталды. Алла үйіне жиналған қауымға ілімнің маңызы мен мәнін түсіндіріп, уағыз-насихат айтылды. Сондай-ақ, алдағы уақытқа аталмыш бағыт бойынша бірнеше іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарға алдынды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

НАЗИРА БАЙНАЗАР

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары