ҚМДБ-ның тарапынан биылғы жылға бекітілген «Ихсан ілімі» Қарағанды облысының барлық мешіттерінде өз кезегінше насихат етіліп, қалың жамағатқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осындай іс-шараның бірі Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінде өтті. Мешітке жиналған жамағатқа аудан имамы Мукаев Аманбол Рымқұлұлы «Ихсан ілімі» жайында уағыз-насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта аталмыш ілім бойынша аймағымыздың барлық өңірінде уағыз-насихаттар мен түсіндіру жұмыстары кеңінен насихатталатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
НАЗИРА БАЙНАЗАР
ihsan.kz
Пікірлер