Қазіргі уақытта үй шаруасында қажетті барлық азық-түліктерді үйден шықпай-ақ тапсырыс беріп алдыртуға болад. Ол үшін арнайы интернет дүкендері мен жеткізу орталықтары қызмет етеді. Сауда-саттықтың бұл үрдісі тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да қолайлы әрі заман талабына сай десек болады. Шаһарымызда мұндай дүкендердің саны артып келеді. Соның бірі «ADAL SAUDA» азық-түлік жеткізу дүкені.
Осы орайда, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы аталмыш дүкеннің ет өнімдерін толық тексерістен өткізіп, арнайы сертификат табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер