Қазақстан мұсылдары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында «Зияткер имам» атты жаңа тұжырымдама қабылданған болатын. Осыған орай аталған құжатты таныстыру мақсатында Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға қалаға қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және қызметкерлері қатысты.
«Жергілікті дін қызметкерлері заман талабына сай болуы тиіс. Ол үшін, ең алдымен дін қызметкерлері өздерінің тұлғалық келбетіне ерекше мән беруі керек. Бұдан бөлек, білімі мен біліктілігін, іскерлігі мен жауапкершілігін жан-жақты дамытып, үнемі ізденіс үстінде болу арқылы діни ағартушы маман ретінде қалыптаса аламыз», деді бас имам Естай Айтуғанұлы.
Пікірлер