ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылға арнайы «Он құжат» қабылданып, оны жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктеріне тапсырма жүктелген болатын. Қабылданған құжаттар жеке-жеке арнайы бөлімнен құрылған. ҚМДБ-ның бастамасымен жүзеге асып жатқан осы жобаны Қарағанды облысының барлық мешіттерінде қарқынды іске асыру үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен «Төлеутай ата» мешітінде арнайы жиын болып өтті. Келелі кездесу барысында жиынға аталмыш аймаққа арайы бақылау-басқару бойынша іс-сапармен келген Қарағанды обылыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей және «Төлеутай ата» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы қатысып, жиында бірнеше тақырыпты қозғап, талқыға салды. Атап айтқанда, жеті бағыт жеке-жеке жіктеліп, «Ихсан ілімі» жобасының мақсаты түсіндірілді. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің әдебі, этикасы мен киім-кию үлгісіне тоқталып өтті. Аймақта діни ахуал тұрақты
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер