Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Наурыз мейрамына орай қарттарға құрмет көрсетті (фото)
18 наурыз, 2021 жыл 895 Басып шығару нұсқасы

Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы.  Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ  асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда жылына бір рет келетін Наурыз мейрамын Қарағанды облыстықт «Әнет баба» мешіті ақ жаулықты қариялармен бірге кең көлемде атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен бүгін «Әнет баба» мешітінің ұжымы қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Мереке қарсаңына орай ұйымдастырылған шара «Қарағанды қаласы «Қазыбек би» ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде» өтті. Шара барысында Наурыз мейрамына арналған мерекелік   дастархан жайылып, қонақтарға жеті түрлі дәмнен дайындалған «Наурыз көже» ұсынылды. Қасиетті домбырамен күмбірлеген күй шертіліп, дәстүрлі ән шырқалды.  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен келген дін қызметкерлері берекелі отырыс барысында ақ жаулықты қарт аналарға өзек жарды тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді. Дастархан басында Құран оқылып, бата жасалды. Қазақта қарт кісіні көрегенді ұрпақ құт-береке деп таныған. Осы орайда,  асыл қазынамыз – қариялар, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта игі істі ұйымдастырушыларға  игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңында қариялардың құрметіне мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Қарттар емен-жарқын әңгіме құрып, көңілдері бір марқайып қалды. Шара соңында  «Қарағанды қаласы «Қазыбек би» ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" басшылығы осындай игі, сауапқа толы шараға үлкен алғыстарын білдіріп, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына алғыс хат табыстады.

Бабалар даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш бояуын солғындатпай жеткізетін қарттарымыз аман болсын. Сол асылдарымыздың қадір-қасиетін түсініп, бағалап қастерлей білейік!

Бойларынан даланың иісі бұр­қыраған, кеудесі шежіреге толы көнекөз қарияларымыздың қара­шаңырақта алаңсыз, аман-есен ғұмыр кешкеніне  не жетсін?!

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

НАЗИРА БАЙНАЗАР

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары