Ұлыстың ұлы күні Әз - Наурыз мерекесі Абай ауданында ауқымды түрде аталып өтті. Аталмыш шара Абай ауданы Ішкі саясат және мәдениет бөлімі ұжымының ат салысуымен жоғары деңгейде өтті. Салтанатты мейрам қарсаңына орай өткен берекелі отырыста көрме ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды. Аудандық «Мәдениет үйі» үйірме мектебінің келін түсіріп, құда күту сынды көрінісі қойылды. Аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ақ бата беріп, ақ тілектер мен қоса жақсылықтар тіледі. Қазақы нақышта киіз үй безендіріліп салт- дәстүр қайта жаңғырған мерекелі-берекелі шарада күбіде піскен қымыз бен наурыз көжеде таратылды
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер