Ұлыстың ұлы күні әз-наурыз мерекесі Балқаш қаласында «Үлкен Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдерді бейімдеу орталығында жалғасын тапты. Онда қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпы насихатталды. Мереке қарсаңында қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, асық ойнау түрлері ойнатылып, ақ дастархан жайылды. Тіршілік біткенге үміт сыйлаған, көктемнің шуақты күнінде Балқаш қалалық мешітінің имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы да мерекенің құрметті қонағы болып қайтты. Имам дастарханда ақбатасын беріп, әз-наурызбен барша қонақтарды құттықтап, шынайы ыхыласымен елге ақ тілегін айтып, барша отбасына амандық- саулық, шаттық пен қуаныш тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер