Ислам діні тазалыққа негізделген дін.
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):
الطَّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَانِ
«Тазалық – иманның жартысы»– деген хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа жіті мән беруге шақырған.
Көктем мезгілінің келуіне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты, Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт дін қызметкерлері және жамағаттың ат салысуымен «Таза Әлем» атты тазалық акциясы аясында, мешіттің ауласын қардан, жаяу жүргінші жолдары мұздан тазартылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер