Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ақтоғай ауданы «Шабанбай би» ауылы тұрғындарымен кездесу өтті
29 наурыз, 2021 жыл 838 Басып шығару нұсқасы

Барша мұсылман қауымның асығып күтетін қасиетті Рамазан айының да ауылы алыс емес. Осы берекелі айдың қарсаңында еліміздің барлық мешіттерінде түрлі іс-шаралар мен оразаға дайындық жұмыстары басталып кетті. Соның бірі Ақтоғай ауданына қарасты «Шабанбай би» ауылында өтті. Аудан имамы Рысбай Асыл Көкешұлының арнайы қатысуымен аталмыш ауыл жамағаты және тұрғындарымен кездесу өткізілді. Келелі кездесу барысында ораза тұтудың сауабы, оның денсаулыққа тигізер пайдасы және "Ихсан ілімі" такырыбы жайында бірқатар уағыз-насихат айтылды. Тұрғындардың тарапынан қ туындаған сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары