«Ислам - тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуға үндейтін білім діні. Дін жолы қиын да ауыр жол. Асыл дініміздің құндылықтармен сусындап, білім жолында ізденіске түскен Қарағанды облысының дін қызмектерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының бір айлық оқуын тәмамдады. Институт қабырғасында тәлім беріп жүрген ғылым докторлары, кандидаттар мен жоғарғы білімді ұстаздардан «Құран Кәрім», «Фиқһ», «Ақида», «Ихтиляфи мәселелер», «Мазхабтар тарихы» пәндері бойынша онлаин дәріс алған имамдарға мемлекеттік үлгідегі диплом берілді. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының арнайы дипломын табыстады. Алла елшісінің (с.а.с) айтқан хадис шәріптерінің бірінде. «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді»,-деген. Облыс бас имамы білімдерін жетілдірген имамдардың алдағы дін жолындағы қызметтеріне бақ, береке тілеп, батасын берді.
ihsan.kz
Пікірлер