Теміртау орталық мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды
Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі өтті.
«Құран – мәңгі мұғжиза» атты шара шымылдығын Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жиналған қауымға дініміздегі білім алудың мән-маңызы туралы айта отырып:
«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде білім үйренудің маңыздылығы туралы айтылған. Сіздер алған білімнің екі дүниелік пайдасы бар екенін ұмытпаңыздар. Алла ұстаздарыңызға және сіздерге разы болсын», деді.
Биылғы жылы діни сауат ашу курсының оқу бағдарламасын 23 шәкірт тәмамдап, оның 11 – І дәрежелі, 12 – ІІ дәрежелі сертификаттарға ие болғанын атап кеткен жөн. Фарида Әбдірахманованың ұстаздық етуімен өткен онлайн форматтағы дәрістер кезінде, ақ жаулықты қыз-келіншектер діни сауатын ашып, Құран оқуды үйренді.
Ескерту: Аталмыш іс-шара барлық санитарлық шаралардың қатаң сақталуымен өтті.
Пікірлер