Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: ЖЕТІ БАҒЫТ ЖИЫНЫ «МҰРАТ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
08 сәуір, 2021 жыл 413 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен және Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлының тапсырмасымен діни басқарма тарапынан қабылданған жеті құжат бойынша Бұқар Жырау ауданы Тегіс жол ауылы «Мұрат ата» мешітінде аудан және ауыл имам, молдаларына арнайы  жиналыс өтті. Жиын Қарағанды облысының наиб имамы Хумар Қоныскерей және аудан имамы Акошев Рүстем Мұратұлының қатысуымен жүргізілді.  Жергілікті дін қызметкерлері бас қосқан дөңгелек үстел барысында бірқатар тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Алда келе жатқан Рамазан айына арналған жоспарлар бекітілді. Діни басқарма тарапынан белгіленген әр бағыт жеке-жеке талқыға салынды. Жиын барысында ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға ерекше басымдық беруі керек екендігі айтылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары