Мың айдан да қайырлы қасиетті рамазан айының ауылы алыс емес. Осы орайда облыс жұртшылығына берекелі айдың ақпараттарымен хабарландыру мақсатында Қарағанды обылыстық «Әнет баба» мешітінде төртінші билік өкілдерімен жиын өтті. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз жиынында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзімен бастап, хазреттің халыққа үндеуін жеткізіп, Рамазан айының қадір қасиетін баяндады. Рамазан айы, Қадір түнінің басталу уақыты мен белгіленген пітір мөлшерін мәлімдеп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндірді. Санаулы күндер қалған шарапаты мол айға Алла Тағала баршамыздың аман-есен жетуімізді жазсын! Әмин!
ihsan.kz
Пікірлер