Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Мұсылман – таза адам деген сөз. Таза адамды Алла да сүйеді әрі жұрт та жақсы көреді. Сүйікті пайғамбарымыз: “Тазалық – иманның жартысы” дей отырып, дініміздегі тазалықтың маңызын білдірген. Осы орайда еліміздің барлық өңірлерінде орын алып жатқан республикалық «Таза Әлем» акциясы ҚМДБ-ның Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қаражал қаласында болып өтті. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында қалалық мешіттің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала көшелері ретке келтірілді.
ihsan.kz
Пікірлер