Қасиетті Рамазан айының әр күні сауап пен несібеге толы берекелі ай. ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Мың айдан да қайырлы болған Құран айының бірінші күнін Қарағанды қаласы мешіттері «Асыл жандар» атты қайырымдылық шарасымен бастады. Берекелі шара барысында көмекке мұқтаж, жалғыз басты және көп балалы аналарға «Ауызашар қоржыны» жеткізіліп берілді. Сексен үш жылға татитын Рамазан айындағы берекелі іс бір ай бойы жалғаспақ. «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің»,-дейді емес пе қазақта?! Ендеше, шарапаты мол айды жақсылық жасаудан өзара жарысуға шақырамыз ағайын!
Ihsan.kz
Пікірлер