Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ:«Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасы жүзеге асты
16 сәуір, 2021 жыл 224 Басып шығару нұсқасы

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі қандай марапатқа болса да лайық. Себебі, олардың еңбегі ерен. Ұлт саулығы мен ел амандығы үшін тынбай қызмет етіп, әсіресе қазіргі пандемия уақытында ұл амандығы үшін ақ халаттылардың атқарып жатқаны қызметі үлкен маңызға ие. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық өңіріндегі мешіттер «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасы жүзеге асып келеді. Осындай игі шара бүгін, яғни қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінде жүзеге асты. «Зекет» қайырымдылық қоры мен «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен іске асқан шара барысында 120 медицина қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айының қарасаңында ауызашар қоржыны улестіріліп берілді. Осындай берекелі де сауапты істі ұйымдастырушыларға жергілікті медицина мамандары үлкен алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. 
Қайырымдылық жасау қашан да кеш емес. Ендеше, берекелі айда барша мұсылман қауымды осындай игі іске ат салысуға шақырамыз.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары