Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мешіттерде барлық бағыттар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Соның бірі – қайырымдылық.
Қарағанды облысына қарсты Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылында берекелі шара өтті. «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді»,-демекші, аталмыш аймақтағы ата-ананың қамқорлығынан айрылған, мейірім мен көмекке мұқтаж жеткіншектерге қайырымдылық көрсетілді. Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайхановтың арнайы баруымен балалар үйіне азық-түлік жеткізілді.
«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Осы орайда, қайырымды жандардың демеушілігімен іске асқан шара барысында барша жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер