Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып саналады. Оның артықшылығы жайында көптеген хадистер бар. Ол туралы ұлы ғалымдар тарапынан шексіз мақтаулар айтылып, кітаптар жазылған. Бірақ Құран жайындағы мақтаулардың ең ұлығы бүкіл әлемнің Раббысы – Алланың өз кітабында айтқандары. Алла Тағала рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшеледі. Осы берекелі ай қарсаңында Қарағанды облысына қарасты мешіттерде әйелдер жамағатының арасында Құран хатым түсірілуде. Сондай-ақ, мешіттердің жергілікті әлеуметтік парақшаларында күнделікті онлаин Құран хатымы оұылуда. Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып саналады. Оның артықшылығы жайында көптеген хадистер бар. Ол туралы ұлы ғалымдар тарапынан шексіз мақтаулар айтылып, кітаптар жазылған. Бірақ Құран жайындағы мақтаулардың ең ұлығы бүкіл әлемнің Раббысы – Алланың өз кітабында айтқандары. Алла Тағала Рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшеледі.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас, - деп Абай атамыз айтқандай Алла Тағала баршамызды құранды оқушылардан, Құранға амал етушілерден қыла көр!
ihsan.kz
Пікірлер