Қазақстан мұсылмандары діни басқамасының арнайы бекітуімен жоспарға алынып, жүзеге асып жатқан «Ихсан ілімі» бағыты бойынша Қарағанды облысы өкілдігінде қарқынды жұмыс атқарылып келеді. Осындай кезекті шараның бірі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті. Мешіттің ұстазы Әділмұрат Нұрбол «Ихсан- рухани жаңғыру мен кемелдік жолы» тақырыбы аясында мешіт шәкірттеріне дәріс жүргізді. «Ихсан ілімінің» түсінігін ашып түсіндіріп, мәнін талқыға салды. Сондай-ақ, шәкірттердің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер