«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде
оның орнын толтырады».(«Сәбә» сүресі, 39-аят) Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Әсіресе, берекелі Рамазан айында жасаған қайырымды іс пен садақаның орны бөлек. ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында қасиетті айдың қарсаңында түрлі игі шаралар жүзеге асуда. Аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Құбылайханов Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж, әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Осындай сауапты істі ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
ihsan.kz
Пікірлер