Тілдік нұсқа
Радио
Сансызбай Құрбанұлы
Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Туған жылы: 29.06.1971 ж.  Білімі: 1988 жылы Дарбаза  ауылында №29 орта мектепті бітірген. 1993-1994 жылы Алматы орталық мешітінде араб тілінен сауат ашқан. 1994-2004 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы сол университеттің «Ислам шариғаты» факультетін бітірген. 2005-2008  жылдар аралығында  Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас аралығында Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы  «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді. 2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан аймағы бойынша уағыз-насихатпен жүрді. 2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешітінің найб имам қызметін атқарды. 2013 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып жатыр. 2013-2014 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантураны оқып жатыр. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі қызметін атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі. Үйленген, алты баланың әкесі.

Видео

бас мүфти блогы бас мүфти блогы

Күнтізбе

Жоғары