Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәубе есігі әрқашан ашық
15 тамыз, 2013 жыл 496 Басып шығару нұсқасы
Тәубе есігі әрқашан ашықПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Қиямет күні менің көліме көптеген қауым келеді. Мен оларды көп салауат айту себебі арқылы танимын»-делінген.
Бір хабарларда: «Егер бір құл құдайдан қорқып, көзінен жас ақса, сол көз жастан Алла тағала бір тал жаратады, осы талдың аты «бақыт талы» деп аталады, осы талға қайғыменен қорқыныш желі соққанда, «Ей, Мұхаммед! (с.ғ.с.)» деген дауыс шығады, осы дауысты Аллаһ тағала Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабіріне жеткізген кезде, үмметінің қайғысынан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрәк көздерінен жас тамады, сол көз жастан Алла тағала «шапағат талын» жаратады, осы шапағат талына Пайғамбарлық жел соққанда «үмметім» деген дауыс шығады, осы дауысты жеті қат аспанға шығарғанда періштелер естіп, «Ей, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі» деп жылайды, осы дауысты естіген Алла тағала: « Ей, Періштелерім, сендерді не жылатты деп сұрағанда?» Сонда Періштелер: «Ей, Раббым! Сен білесің, біздің жылау себебіміз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі. «Ей, Періштелерім! Кімде-кім Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметінен көзіне жас алып жылаған болса, Мен оларды жарылқадым соған сендер (періштелер) куә болыңдар»-деп айтылады.
Егер бойыңыздан сегіз нәрсені тапсаңыз, Тәубе кәміл болады:
1. «Өткен күнәларға қайғырса»,
2. «Парыздарын өтесе»,
3. «Біреуге келіп тұрған зұлымдықты қайтарса»,
4. «Өзін ренжіткен адамды кешірсе»,
5. «Өткен күнәларын істемеймін деп бел буса»,
6. «Құдай тағалаға құлшылығын оңай өтеуге өзін-өзі тәрбиелеу, күнәні оңай істегені тәрізді»,
7. «Құлшылықтың тәтті дәмін татуға тырысу, күнәнің дәмін татқандай»,
8. «Ішкен-жегені адалдан болу».
Абдулла ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабалардан: «шын тәубә қылған адамның қандай болатынын білесіңдерме деп сұрағанда?», олар: Аллаһ және оның елшісі білушірек деп жауап қатады. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім тәубә етіп білімін арттырмаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе қылып, құлшылықтағы әрекетін күшейтпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келіп, ренжіскен адамдарды кешірмесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубесін айтып, киімін және жүріс тұрысын өзгерпесе, яғни ұятты жерін жаппаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе деп, ортасын өзгертпесе, яғни күнәғә тартатын достарынан айрылмаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келдім деп, мінез-құлқын өзгертпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе еттім деп, төсегін және үй-ішін жинамаса, яғни отбасына деген қарым қатынасын өзгертпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келдім деп, (жағдайы келіп тұрып ) садақа бермесе, тәубесі кәміл емес. Егер де осы қасиеттерді бойынан кімде-кім тапса, сақтанып шынайы тәубеге келуі керек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «егер бір адам мен тозақ отынан қорқамын деп тұрып, күнәдән тоқтамаса - ол адам өтірікші. Егер бір адам мен жәннәтқа барғым келеді деп, бару үшін амал етпесе - ол адам өтірікші. Егер бір адам мен Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көремін деп сүннетімен жүрмесе - ол адам жалған сөйлеуші. Егер де бір адам жұмақтағы хор қыздарына үйленгім келеді деп, маһарын дайындамаса - онда ол адам өтірікші, маһар дегеніміз-адамның істеген ізгі амалдары. Шындығында тәубесіне келген адамды Аллаһ тағала және оның елшісі жақсы көреді, себебі Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді: «إن الله يحب التوابين و يحب المتطهرين» «Шындығында Алла тағала тәубе қылушыларды және тазаланушыларды жақсы көреді». «إنماالتوبة على الله للذين يعملون السوء بجهالة ثم يتوبون من قريب فألئك يتوب الله عليهم وكان الله عليما حكيما » «Шындығында Аллаһтың қасында тәубе сондайлар үшін, білместіктен күнә қылып, соңынан тәубе еткендерді, олардың тәубесін Аллаһ тағала қабыл қылады. Аллаһ тағала Білуші және Үкім қылушы».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Шынында Аллаһ тағала құлының соңғы демі алқымына келгенге шейін, яғни соңғы қырылға шейін тәубесін қабыл етеді».
Құран Кәрімде Аллаһ тағала былай дейді: «ليست التوبة للذين يعملون السيئات حتى إذا حضر أحدهم الموت قال إني تبت الآن ولا الذ ين يموتون وهم كفار ألئك أعتدنا لهم عذابا أليما » «Аллаһ тағала өле-өлгенше күнә істеп және иман келтірмеген адамдардың тәубесін қабыл етпейді. Тегі солар үшін қатты азап дайындадық». Осы аят Мұсаға (ғ.с.) қарсы шыққан перғауынға келеді. Себебі: Аллаһ тағала перғауын суға батып бара жатып тәубе қылғанда, тәубесі қабыл болмайды.
Қадірменді мұсылман қауым! Тәубенің есігі әрдайым ашық, сол себепті Аллаһ тағалаға тәубе етейік, әрқашан тәубе есігі ашық екен деп қапы қалмайық, ажал деген қас қағымдық сәт, үлгермей Аллаһ тағала алдына құр қол бармайық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «шығынға ұшыраған адам кім екенін білесіндер ме?»- дегенде, сахабалар (р.а.): «Я, Расулалла (с.ғ.с.) сауда қылып саудасыңда шығынға ұшыраған адам»- деп жауап бергенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «жоқ, ұзақ өмір сүріп, бұл дүниеден өтіп, Аллаһ тағаланың алдына барғанда айтарлықтай жақсылығы болмаған адам» - деп жауап береді.

Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық мешітінің найб имамдары: Зүлжаладдинұлы Бекболат, Асылтайұлы Дархан.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары