«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде «Аталар мектебі» мен «Әжелер мектебі» жобасы бойынша тағылымды басқосу ұйымдастырылды.
Шара барысында дастархан жайылып, ұрпаққа өнеге боларлық үлгілі әңгімелер айтылып, үлкендердің ақ батасы мен өсиет-насихаты тыңдалды.
Жиналған ата-әжелер қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызы, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік пен ынтымақты сақтау жайында рухани әңгіме өрбітті.
Іс-шара мешіт жамағатының арасында сыйластықты арттыруды, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын насихаттауды мақсат етті.
Жылы атмосферада өткен басқосу береке мен бірлікке толы орта қалыптасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы