Center Image
IHSAN.KZ
«Бұқар Жырау» мешітінің сыртын қаптау жұмыстары басталды
«Бұқар Жырау» мешітінің сыртын қаптау жұмыстары басталды

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің сыртқы қаптау жұмыстары басталды.

Астана – Қарағанды бағытындағы жол бойында орналасқан мешіттің сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары мешіт имамы Орманбет Болатұлының бастамасымен қолға алынды.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мешіттің сыртқы келбетін көркейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Бұл игі бастама құлшылық ордасының көркін арттырып, айналаның ажарын аша түсуге үлес қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz