Center Image
IHSAN.KZ
“Әл-Ғаффар” мешітінде ас беру мәдениетіне қатысты жиын өтті
“Әл-Ғаффар” мешітінде ас беру мәдениетіне қатысты жиын өтті
Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешітінде ас беру және той өткізу мәдениеті тақырыбында жиын ұйымдастырылды.

Жиын барысында қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен діни құндылықтарын ұштастыра отырып, құдайы ас беру кезінде шариғат талаптарын сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу және отбасының әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын ас беру мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, той-думандар мен отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруда қарапайымдылықты ұстану, дастархан әдебін сақтау және ұлттық салт-дәстүріміздің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа аманат ету қажеттігі айтылды.

Жиынның негізгі мақсаты – қоғамда ас беру мен той өткізу мәдениетін жетілдіру, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және берекелі дәстүрлерімізді заман талабына сай дамыту.

Алла Тағала жасаған игі істерімізге береке беріп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырғай!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz