Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Неге бір жүректе - нұр, бір жүректе – кір?
04 ақпан, 2015 жыл 201 Басып шығару нұсқасы


 185072zagrruОн сегіз мың ғаламда Алла Тағаланың хақтығын мойындамайтын атомдар мен микробөлшектерде жоқ. Барлық жаратылыста әлемді жоқтан жаратқан Алла Тағаланың белгісі бар. Адам тек осынша құдыретті мойындауы, көре білуі керек.


Бірде адамдар Хасан Басриге келіп: «О, шейх! Біздің жанымыз надандық түсінде тіріледі. Тіпті оларға сіздердің бірде-бір сөздерің әсер етпейді. Біздің көзімізді ашуға көмектеспейсіздер ме?»-дейді.


Хасан Басри: «Оданда олар ұйықтасын, себебі адамның көзі тез ашылуы мүмкін. Бірақ сіздердің жандарыңыз өлген бе деп қорқамын. Қанша оятпақ болсам да, олардан еш талпыныс жоқ»-деп жауап береді.


         Шошынған адамдар: «О, шейх! Мынадай сөздеріңмен біздің зәремізді алдың»-деп айғайлайды.




  • Егер сендер бүгін қорықсаңдар, Қиямет күнінде жандарың тыныш болмақ. Мен бүгін Алланың тыйғандарынан аяқ тартпайтын, қорықпайтындарды қызғанбаймын –деген екен Хасан Басри.


Алла Тағала біз жүрегіміздің Өзінің құдыретіне барлық уақытта тәнті болғанын қалайды. Біз бұл әлемге сынақ үшін жіберілгенбіз. Жаратушы Алла біздің жанымыздың мына әлемнің, жалған өмірдің баянсыздығын түсінгенін қалайды.  Әбігерлік шындықты танымаған жүректерді жұтып жібереді.


Жалған дүниені жақсы көру рухани мүгедіктікке, жүректің соқырлығына алып келеді. Оның емі Алланы тану ғана. Әр адам неше түрлі дүниеәуи ойларға беріледі. Олардың жиынтығы оның жүрегінің жағдайынан көрінеді. Біреулер рухани кемелдікке қадам басса, біреулер нәпсінің қажеттілігін қанағаттандыру жолында өмірін құртады.


         Жүрек – адам ағзасындағы ойлау және қабылдау орталығы. Ойшыл Неджип Фазылдың айтуы бойынша жүректі екі науа толтырады екен. Бірінен – нұр шашылса, екіншісінен – кір ағады екен. Бұл екі арнадан үнемі эгоитстік тілектер, дүниәуи құмарлықтар көрінетін болса адамның ішкі әлемі қазылған орға ұқсап кетеді. Алайда бұл науалар рухани байлықпен сусындауға қызмет етсе, жүрек даналықпен толтырылмақ.


Алла Тағала өз құлдарын рухани байлыққа талпынуға шақырады. Керісінше жағдайда адамдар өз нәпсісінің құрбаны болмақ. Себебі  шындықты танымаған жүректі жалған дүние жаулап алады.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары