Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көз аурулары және  компьютер
23 сәуір, 2015 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

107084010_56Көз – өте нәзік және өте сезімтал механизм. Компьютер алдында отырып ұзақ жұмыс істейтін жағдайларда түрі көз аурулары пайда болады.


Көз ауруларының ішінде көп кең таралғаны – алыстан көрмеу немесе миопия. Жер бетінде осы ауруға адамдардың 30% астамы шалдыққан. Ал дамыған елдер тұрғындарының арасында бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары. Өкінішке қарай жыл өткен сайын бұл ауруға жастар жағы көп шалдығуда. Себебі оқушылар, студенттер, жастар – компьютердің белсенді қолданушылары.


Компьютердің алдында көп отырудан туындайтын көздің тағы бір ауруы – көздің қырағылығын жоғалтуы. Бұдан әсіресе егде жастағы адамдар зардап шегеді дейміз. Бұл мүлде дұрыс емес. Қырағылықтың нашарлауына алып келетін көз жанарының аппараты жас кезде, балалық шақта бұзылады, туа біткендері де болуы мүмкін.


Көз ауруларының компьютердің «пайдасынан» болатын тағы бір түрі – құрғақ көз синдромы. Көз қабығы жыпылықтау кезінде ылғалданады. Әдетті біз минутына  жиырма рет жыпылықтатамыз. Ал экраннан бас алмай, шұқшиып қарап отырғанда 3 есе кем жыпылықтатамыз. Нәтижесінде көз құрғайды.


Компьютер көз жанарын «жеп» қояды. Компьютерде шұқшиып ұзақ отыру көздің  астигматизм, катаракта, глаукома, конъюнктивит, амблиопия, тордың қабаттануы сияқты ауруларының өршуіне жағымсыз әсер етері анық және осы ауру түрлерінің пайда болуына әкелуі де ғажап емес.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары