Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тырнақ алу – сүннет
13 тамыз, 2015 жыл 7675 Басып шығару нұсқасы

Дінімізде әрбір істің орындалу уақыты, есебі нақты көрсетілген. Соның бірі тырнақты уақытылы алып тұру. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Тырнақты алу тазалық сақтау үшін аса маңызды. Өйткені, тырнақтың астына көптеген микроорганизмдер жиналып, қолмен жеген аспен ауыз қуысына енуі мүмкін. Нәтижесінде, адам көптеген ауруларға шалдығады. Қазақтар ырымдап келген дүйсенбіде  немесе басқа да күндері тырнақ алуға болмайды деген тыйымдар Ислам заңдылықтарына үйлесе қоймайды. Дегенмен, хадистерге сүйеніп, тырнақты жұма күні жұма намазынан бұрын алған абзалырақ дегіміз келеді. Айша анамыздан келген бір риуаятта: «Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды»,– делінген (Али аль-Қари, Мирқатуль Масабих).


Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басмармағының тырнағымен алумен аяқталады.


Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап,  ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды (Фәтәуәль һиндия).


Тырнақты аптасына бір рет алып тұру қажет. Мүмкіндік болмаған жағдайда қырық күнге дейін өсіруіне болады. Бірақ, қырық күннен соң міндетті түрде алу керек. Бұл жайында  Сахаба Әнәс: «Мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық түгін жұлып, кіндік астындағы түкті қыруды қырық күннен асырмауды бұйырды» – деген хадис жеткен (Тирмизи).


Алла берген денсаулығымызды күтіп, таза ұстау әрбірімізге жүктелген міндет.


 Кәусар Сабыр

Шет ауданы,  «Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы

 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары