Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз оқып, жаза алған ба?
05 қаңтар, 2017 жыл 955 Басып шығару нұсқасы
  • Аса мейірімді, ерекше Алланың атымен бастаймын! Әлемді нұрға бөлеген пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ сан мыңдаған салауаттар болсын! 
    Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса, әрине бұзықтар күдіктенер еді», - деген («әл-‘Анкәбут» сүресі, 48 аят). 

    وَمَا كُنْتَ تَتْلُو مِنْ قَبْلِهِ مِنْ كِتَابٍ وَلَا تَخُطُّهُ بِيَمِينِكَ إِذَاً لَارْتَابَ الْـمُبْطِلُونَ 


    Осыдан-ақ Алла елшісінің оқу-жазуды мүлдем білмегенін, бірақ Жаратушы оған Өзінің сөзін танып білетін қасиет дарытқанын аңғаруға болады. Мұндағы бұзақылар дегені – иудейлер. Ал Тәурат кітабында соңғы елшінің хат танымайтыны айтылған. Егер Пайғамбарымыз ﷺ ондай қасиетке ие болғанда, әлбетте олар шүбә келтірер еді. 
    Тағы бір аятта былай делінеді: «Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммед Ғ.С.ға) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұр (Құран) ға ергендер, міне солар құтылушылар» («Араф» сүресі, 157 аят). 

    الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ الرَّسُولَ النَّبِيَّ الْأُمِّيَّ الَّذِي يَجِدُونَهُ مَكْتُوبَاً عِنْدَهُمْ فِي التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ 


    Осы екі аят көп құдайшылдар мен христиандар және иудейлердің адамзаттың асылының ﷺ пайғамбарлығына келтірген күмәнін жоюға жеткілікті еді. 
    Мұнымен қоса, көпшілік дін мамандарының айтуынша, Алла елшісі ﷺ пайғамбарлық келгеннен кейін де, оқу-жазуды білмеді. Құран аяттары болса әр уақытқа қарай, өмірінің соңына дейін түсіп отырды. Осы аралықта оған Алла Тағала тек соңғы пайғамбарға сай қасиетімен әспеттеп келді. 
    « ... Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. Өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі» («Ниса» сүресі, 113 аят) 

    وَعَلَّمَكَ مَا لَمْ تَكُنْ تَعْلَمُ وَكَانَ فَضْلُ اللهِ عَلَيْكَ عَظِيمَاً 


    Иә, Жаратушы Иеміз Алла елшісін ﷺ өзі үйретті. 
    Алайда, бізге Алланың басқа құлдарына жазу-сызудан мақұрым қалу құпталмайды. Өйткені, Алланың алғашқы түсірген сөзі де «Оқы!» болған. Ал мұндай ғажайып жағдай тек соңғы пайғамбарға ғана тиесілі. Сондықтан да адам баласы ғылым-білімге әрдайым ұмтылуы керек. 

    Мұхаммед-Амин қажы Магомедрасулов, Теолог 
    Аударған Гүлім Аятай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары