Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл намазды оқығанға жәннаттан үй тұрғызылады
27 қаңтар, 2017 жыл 1696 Басып шығару нұсқасы

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Адамзаттың өмірі күллі әлемнің жаратушысының махаббатына бөлену бағытында ақиқат іздеу көріністеріне толы. Соның ішінде Һақтың разылығына бөлейтін амал – намаз. Намаз- ғибадаттардың алғашқы сатысы, діннің діңгегі. Адам баласына күнде 5 уақыт намаз парыз етілді. Одан бөлек сүннет, нәпіл намаздар тағы бар. Сүннет намазы – Пайғамбарымызыдың белгілі бір үзірсіз үзбей оқитын құлшылығы. Оны оқымағанға жаза болмайды. Алайда, сүннет намаз үшін берілген сауаптарды білсеңіз ғой.  Осы құлшылық түрін күнделікті орындаған адамға берілетін ең үлкен сый – жәннаттан үй тұрғызылады. Бұл Алла елшісінің (ﷺ ) сөзі: «Кімде- кім күнделікті 12 рәкағат сүннет намазын(міндетті болған парыз намаздарды қоспағанда) оқыса, оған жәннаттан үй  тұрғызылады» (Сахих Муслим ). Тағы бірде Пайғамбарымыз(ﷺ ):«таң намазының алдындағы 2 рәкағат, бесін намазының алдындағы 4 рәкағат және кейінгі 2 рәкағат, ақшам намазынан кейін 2 рәкағат намаз», - деп атап көрсеткен. (Сунан Тирмизи).

Сондай-ақ, сүннет намаздың Қияметте қорғаныш болатыны да хадистердің бірінде : «Адамдардың Қиямет күнінде алғаш есепке тартылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз. Құлының әрбір ісінен хабардар Алла Тағала періштелерінен: «Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық орындап па, кемістігі бар ма?», егер намаздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазылсын, егер намазында нұқсандық болса,Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын толық оқыған ба екен?», «Құлымның нұқсан парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді », - деп айтылған.

Сондықтан да, парыз намазбен бірге сүннеттерге де аса іждаһаттылықпен қараған абзал. Оның ішінде Расулалла (ﷺ ) «Таң намазының алдындағы екі рәкағат осы дүниеден, ондағы барлық нәрседен де қайырлы»,-деп таңда оқылатын сүннетті айрықшалап айтады. Алла елшісі өзі де осы 2 рәкағат намазды сапарда жүрсе де ешқашан тастамаған.

Ал, бесін жәннат қақпасы ашық тұратын сәт. Ол туралы адамзаттың асылы(ﷺ ): «Бұл уақытта жәннат қақпалары ашылады, менің сауапты амалдарым осы мезетте аспанға көтерілгенін қалар едім», -деп келтіреді (Тирмизи).

Басқа хадисте:«Бесін намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған адамға Алла Тозақ отын харам ететінін»айтқан. (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн Маджа).

Ал екінтідегі бекітілмеген 4 рәкағат сүннет намазын оқығандар «Алланың мейірімділігене бөленеді» (Тирмизи, Әбу Дәуіт).

Жоғары да келтірілген хадистер сүннет намазының мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Мұсылман адам әрдайым Алланың кешірімін, мейірімділігіне бөленудің жолын іздеп жүрген жолаушы сынды. Біздің әрбір ісіміз, жүріс-тұрысымыз, сөйлеген сөзіміз һақ діннің шеңберінен шықпай жатса Ин ша Алла Жаратушы Иеміздің нығметіне бөленерміз!

 

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары