Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Анаң сені қарғамасын
01 қазан, 2019 жыл 709 Басып шығару нұсқасы

Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болады. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні:

–Балам келіп маған мына істерде көмектес! –дейді.

Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға (қарғыс) етеді.

Жаман әйелдердің жаласына жем бол!

Олармен көрші тұратын жаман әйел бар еді.

Бұл әйел бір күні қойшыдан некесіз түрде жүкті болып қалып, сол заманның әміршісі жағдайдың анық-қанығын білуді бұйырады. Әйел жазаланудан қорқып күнәні көршісіне ғибадат етуші жігітке жаба салады.

Әмірші жігітті шақыртып:

Ей Журейж! Ғибадат етіп, молда болып жүріп, зина секілді үлкен күнәға батып жүргенің қалай? – дейді.

Мен мұндай ешнәрсе жасамадым. Бұ жаланы жапқан кім болды екен?

Сенің көршің пәленше әйел сенен шағымданды.

Осы кезде жігіт қатесін түсінді. Анасының қарғысына ұшырағанын сезеді. Әміршіден бір мерзімге рұқсат алып, анасына барып жалбарынады:

«Анашым, маған “Жаман әйелдердің жаласына жем бол!” деп бетдұға еткен едіңіз, Хақ Тағала дұғаңызды қабыл етті. Көрші әйел маған жала жапты. Әмірші енді мені жазалайды. Мені кешіре гөріңіз анашым, жаладан құтылайын! Бұдан былай сізге қызмет етуде кемшілік етпейтін болам.

Анасы ұлының қиын жағдайын көріп шыдай алмай былай дұға етеді:

Йа Раббым! Егер ұлыма жасаған бетдұғам қабыл болған болса оны үстінен ал!

Анасының дұғасын алған жігіт әміршінің алдына қайта келіп, былай дейді:

Маған жала жапқан әйелдің қайта сұраққа алынуын сұраймын.

Әйелден қайта сұрағанда бұл жолы әйел:

Мен жала жаптым. Бұл көршінің кінәсі жоқ, - дейді. Жігіт осылай құтылады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен сұхбаттасып отырып бұл оқиға туралы былай дейді: “Егер Журейж Фиқһ ілімін білгенде, анасына қызмет етудің Раббысына нәпіл ғибадат етуден де үстем екендігін білер еді”

Жұлдыз-жорамалға қатысты шындықты біліңіз

Ғаламторда не көп? Астрологиялық болжамдар жасап беретін сайттар көп. Астрологтардың Күн мен Айдың, планеталардың адам тағдырына ықпал ететініне күмәні жоқ. Өкінішке қарай көпшілік соған сенеді. Ал, олардың мақсаты біреу-ақ – атын шығару, ақша табу.

Шариғат үкімі

Тек Алла Тағала ғана болашақты біледі және Одан басқа ешкім мұны біле алмайды. Құбылыстың да, себеп пен салдардың да, ой мен істің де жаратушысы – Алла. Орын алғанның, жүзеге асқанның бәрі – Алланың қалауымен және жүзеге асыруымен болады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадистеріне зер салайық:

«Иман (Сенім) – Аллаға, Оның періштелеріне, Оның пайғамбарларына, Қиямет күніне, Тағдырға дәне жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне сену».

«Біліп қой, егер барлық адам саған жақсылық жасау үшін жиылса, олар Алланың саған белгілегеніндей ғана көмек көрсете алады. Егер барлық адам саған зиян келтіру үшін жиылса Алланың саған белгілегеніндей ғана жамандық келтіре алады...».

Зиян мен пайданы да, жамандық пен жақсылықты да Алла жаратқан. Қазіргі уақытта орын алып жатқан және болашақта орын алатын істің бәрі Алланың қалауымен және білімімен ғана жүзеге асады. Мұны астролог, көріпкел немесе балгер білмейді. Әр істің Алланың қалауымен ғана болатыны көптеген аяттарда айтылған. Мысал үшін. «Әл-Фуркан» сүресінің 2-аятында: «Алла әр затты жаратты және оның тағдырын белгіледі»-делінген. Сондай-ақ «Әл-Камар» сүресінің 49-аятында: «Шынында, тұрмыста пайда болғанның бәрін Алла тағдырмен жаратқан»-делінеді.

Планеталардың, Күн мен Айдың орналасуы тағдырға әсер етпейді. Және астрологтар қандай әдіс-тәсіл қолданса да болашақ пен тағдырды біле алмақ емес. Құранда: «Айт: «Шынында, көк пен жердің тұрғындарының ешқайсы жасырынды (болашақты) білмейді, Шынында тек Алла ғана біледі...» - делінген.

Күн, Ай, планеталар - Алла жаратқан объектілер. Олар Алланың шексіз құдыретін көрсетеді. Алла Тағала оларды өзінің Хақ екенін көрсету үшін жаратқан. Сондай-ақ «Ан-Нахл» сүресінің 16-аятында жұлдыздарды қараңғыда жол көрсету үшін жаратқаны айтылған.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары