Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Уақып – ұрпаққа аманат, ақыретке азық» тақырыбында бейсенбілік рухани дастархан ұйымдастырылды.
Рухани кештің құрметті қонағы – Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Нұрболат Дүйсебаев болды.
Кездесу барысында уақыптың ислам дініндегі орны, қоғамға тигізетін пайдасы және келешек ұрпаққа қалдыратын игі мұрасы туралы тағылымды насихат айтылды. Сондай-ақ уақыптың қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін, қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты арттыратын маңызды құндылық екені түсіндірілді.
Рухани дастархан басында жамағат өзара пікір алмасып, пайдалы насихат тыңдады. Тағылымды басқосу көпшілік арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы