Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жатын бөлмеде намаз оқуға болмайды дейді. Сол рас па?
30 мамыр, 2018 жыл 3880 Басып шығару нұсқасы

Ассаламуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Сұрағым бар еді: Жатын орында (спальный) намаз окуға  бола ма? Бір кісілер болмайды дейді. Ол қаншалықты дұрыс? Жалғас Қадыр
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жатын бөлмеде намаз оқуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ.  Хадис кітаптарында орын алған бір риуаятта Айша анамыздың (р.а.) былай дегендігі айтылады:

««Мен Пайғамбарымыздың жанында ұйықтап жатқан едім. Түннің бір уағында қарасам, Ол (с.а.у) жоқ. Сипалап қарасам қолым екі аяғына тиді. Сөйтсем, сәжде жасап жатыр екен...»[1].

Тек, бөлмеде тірі жанның суреті ілініп тұрмағандығына мән берген жөн. Өйткені, сурет ілініп тұрған бөлмеде намаз оқу (алдында, екі жанында яки төбесінде) мәкруһ. 

[1] Даруқутни - №457 хадис

Абдусамат Қасым

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары