Қарағанды 17:08 Екінті
  • 05:31 Таң
  • 06:55 Күн
  • 13:04 Бесін
  • 17:08 Екінті
  • 19:02 Шам
  • 20:26 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Есіміне азан шақырылмағандар мынаны білсін

Әссәләмуғалейкум! Бір сұрағым бар еді. Әпкемнің балаларына туылғанда құлағына азан айтылып, ат қойылмапты. Өздері ат қойып солай атап жүре берген. Енді не болады? Сол балаларға қайтадан молда шақырып, құлағына азан шақырып, қайта ат қоямыз ба? Жалпы осы жайыл толықтырып айстаңыздар. Азан шақырмай ат қойылудың үкімі қандай?

Дулат Қуатов

Сәлеметсіз бе! Үлкен ұлым он алты жасар. Бірақ, оның атын қоярда азан шақырып, қойдық па, жоқ па – есімде жоқ. Осы қалай болар екен?

Гүлмира.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жаңа туған сәбиге ат қоярда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат түсіру – сүннет амалына жатады (мұстахаб дейтіндер де бар). Ардақты Алла елшісі немересі Хасан туылғанда құлағына азан шақырып ат қойғандығы хадистерде айтылған[1].

Кітаптарда келтірілген басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз:

«Кімде-кім дүниеге келген баласының оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсірер болса, ол балаға «Үммус сибянның» зияны тимейді (яғни, ол балаға жын-шайтаннан зиян келмейді)»[2], - дей келе аталмыш рәсімнің пайдалы тұсына назар аудартқан.

Мұнымен қоса, азан айтудың тәрбиелік мәні де жоқ емес. Азан сөздерін құлағына естірту арқылы, дүние есігін жаңа ашқан сәбиге: «Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбетісің. Әлмисақтан мұсылман болғандықтан, өскенде Құдайға құлдық ұрып, намаз оқы. Мұсылман екеніңді ұмытпа» деп тұрғандай.

Ал, енді, аталмыш рәсім көбіне жаңа туған сәбиге жасалады (бірінші күні немесе ең кеш жетінші күні, одан кешіктірмеген абзал). Алда-жалда ата-ана ұмытып, ат қоярда азан айтылмаған болса, ол үшін күнә жазылмайды. Сондықтан да, кішкене күнінде құлағына азан айтылмаған балаларыңызға, өскеннен соң азан айтып, қайта ат қою шарт емес.  


[1] Тирмизи; Әбу Дәуід. Имам Байхақи.
[2] Имам Бәйхақи; Әбу Яъля. Әлсіз хадис. 

Абдусамат Қасым

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    25 қыркүйек 2017 жыл Оның ақысын өтей алдың ба?
    25 қыркүйек 2017 жыл Сізге қажет ереже!
    22 қыркүйек 2017 жыл Исламдағы қарапайым отбасы
    11 қыркүйек 2017 жыл Бала сүйе алмай жүргендерге
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика