Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰМАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮКІМІ
24 наурыз, 2020 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله ربّ العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمـد و آله و أصحابه أجمعين Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!   Құмар – кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен ақша, құнды зат тіге отырып ұту немесе ұтылу. Шариғатымызда құмар ойындарға қатаң түрде тыйым салынған. Алла Тағала Құранда былай дейді:   يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ «Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар».[1]. Аяттағы «мәйсир» сөзі құмар деген мағынаны білдіреді. Яғни біреудің ұзақ уақыт бойы еңбектеніп тапқан ақшасын құмар ойыны арқылы оп-оңай, жеңіл жолмен алғандықтан «мәйсир» деп аталған[2]. Құмар ойнына карта, нарда, ойын автоматтары, рулетка, лоторея, букмекерлік кеңсе т.б. жатады. Кең таралғаны – лотерея. Оның бірнеше түрі бар. Негізгілері мыналар: 1. Сандық лотерея: белгілі бір мөлшерде сандар басылған билет ретінде сатылады. Кездейсоқ таңдалатын сандар арқылы жеңімпаз анықталады. Бұл құмар ойынында қатысушылардың кейбірі ғана ұтысқа ие болып, жүздеген, мыңдаған адам шығынға ұшырайды. Ұйымдастырушы тарап пайдаға кенеледі. Сол секілді, үйді, көлікті, кітапты т.б. заттарды лотерея арқылы ойнатып сату, лотереяның осы түріне жатады. 2. Спорттық лотерея (ойын автоматтары, букмекерлік кеңсе): әртүрлі спорттық жарыстардың нәтижелерін жорамалдап, бәс тігеді. Егер ұтса ставканың мөлшері мен коэффициентіне байланысты ұтысын алады. Ал сәтсіздікке ұшыраса, тіккен ақшасынан айырылады. Лотереяның кез келген түрі құмарға жататындықтан үкімі үзілді-кесілді харам саналады. Оған қандай ниетпен болса да, тіпті билетін тегін алса да қатысуға болмайды. Ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала бір қауымға бір нәрсені жеуді харам еткен болса, онда оның ақшасын алуды да харам етті»[3], –деген. Себебі құмар адал кәсіп емес, керісінше адамдардың мал-дүниесін арам жолмен алу. Ал тауарларды сатуға ынталандыратын лотерея[4] түріне келсек, кейбір ғұламалар харам деп үкім берген. Өйткені ол құмар болып саналады. Тіпті саудагерлер арасында бәсекелестікті тудырып, бір-бірін балағаттауға дейін баруы мүмкін. Ал шариғатымызда өзіне де өзгеге де зиян беруге болмайды. Дегенмен кейбір шарттармен рұқсат берген ғалымдар да бар. Мәселен, Иордания пәтуа кеңесінің №47 қарарында рұқсат етілген сыйлықтар шарттары былай көрсетілген: «Жүлделер үшін тауар бағасы негізгі құнынан аспауы қажет. Яғни, ұтысты алудың есесіне берілетін ешқандай төлем болмауы керек»[5]. 2003 жылы Қатарда өткен «Халықаралық ислам фиқһи академиясының» он төртінші отырысының №127 (14/1) қарарында: «Тауарды өткізу мақсатында (пайда көру емес) шариғатқа сай өткізілген жарыстар арқылы сыйлықты алудың оқасы жоқ. Алайда сыйлық жарысқа қатысушылардың ақшасынан алынбау керек. Тауарды өткізуде алдап-арбау, алаяқтық және тұтынушыларға қиянат жасалмауы шарт»[6], – деп айтылған.   Үкім: 1. Кез келген құмар ойыны – харам 2. Сандық және спорттық лотерея – құмар ойнына жатады 3. Жеке мүлікті лотерея арқылы сату – харам 4. Тауарды өткізу мақсатында тігілген сыйлықты мынадай шарттармен ғана алуға рұқсат етіледі: – Тауардың құны нарықтағы бағадан аспауы керек. Егер ұтыс себепті бағасы көтерілсе, құмар саналады. – Сыйлыққа жету үшін тауар сатып алмауы қажет. Егер затты керек етпей, тек жүлдеге қол жеткізу мақсатында сатып алса, онда мал-дүниені бекер шашқан болады. – Тауар адал әрі пайдалы болу тиіс. – Сыйлық қатысушы тараптың берген ақшасынан алынбауы керек. – Тұтынушыларға қиянат жасалмауы тиіс әрі тауарды өткізуде алдау, аляқтық болмауы шарт.     [1] «Мәида» сүресі, 90-аят. [2] Әл-Муфассал фил-фиқһи әл-Ханафи, 2/175. [3] Бұхари, Муслим. [4] Мысалы, дүкендерде, сауда орындарында клиенттерді тарту мақсатында тауарларға жүлделер қойып ойнатады. Ол тауарларға белгілі бір номерлер белгілейді. Кейін оны тұтынушы нарықтағы бағасына немесе одан қымбатқа сатып алып, сыйлыққа қол жеткізуі мүмкін. [5] https://www.aliftaa.jo/Question2.aspx?QuestionId=268 [6] Ислам фиқһи акадамиясы, он төртінші отырысы, №127 (14/1) қарар. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=943

fatua.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары