Балқаш қаласына қарасты Ақтоғай ауданындық мешітінде жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Асыл Рысбай «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.
Дәрісте жас жеткіншектерге әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізіліп, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда. Мешіт ұстаздары жас өскелең ұрпақтың иманды, рухты болуына үлкен үлес қосып, дәріс берумен шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да өткізу үстінде.
Дәріс уақыты Дүйсенбі-Сенбі
Сағат 9:30 дан 13:00 ге дейін
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер