Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті Ұлытау обылысына қарасты мешіттердің жамағаты арасында Құран жарысын ұйымдастырды. Шара қасиетті құрбан айт мерекесінің екінші күні өтті. Сайысқа 8 өңірден 41 шәкірт қатысты.
30 - парадан бірінші орынды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан ашылған «Олжан Есенұлы» атындағы сауат ашу орталығының шәкірті, Жаңаарқа аудынан келген Бүлкенов Саян иеленіп, «Умра» қажылығын қанжығасына байлады. Екінші орынды Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің сауат ашу курсының шәкірті Өміртаев Бейбарыс ұтып алды, жүлделі сыйлығы 100 мың теңге. Үшінші орынды Сәтпаев қаласы Сәдуақас Ошақұлы мешіті Аббас есімді ұстаздың шәкірті Жумагалиев Хамза иеленді. Жүлделі сыйлығы 50 мың тг.
Алла барша қатысушыларды Құран Кәрімді көп оқитын, Құранмен өмір сүретіндерден етсін, әумин!
ihsan.kz
Пікірлер