ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің жаңадан тағайындалған имамы Бейбіт Бақытжанұлы мешіт қызметкерлерімен танысып, арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген жеті бағыт, он құжат, сондай-ақ, жыл басынан берілген бірқатар тапсырмалар талқыланды.
Сонымен бірге дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, жалпы қызметке деген жауапкершілік, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау мәселесі қозғалып, жылдық қорытындылауға дайындық жұмыстары пысықталды.
Пікірлер