ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС – нан келген жауапты маман, технологтар және «Халал» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы Теміртау қаласындағы бірнеше мекемелерге арнайы тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында ет дүкендері мен асханалардың ас мәзірінен бастап, мекеме қызметкерлердің "Халал" стандартқа сай жұмыстарын бақылады.
Арнайы тексеріс жұмыстары қаладағы «Bahandi», «Maki-maki», фаст-фуд асханалары мен «Hani» кондитерлік дүкенінде және «Berekeli Et», « Has Et» ет дүкендерінде жүргізілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер