Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешітінде кезекті пәтуа сағаты болып өтті
27 ақпан, 2023 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынған болатын. Пәтуа сағатының кезекті кездесуі «Төлеутай ата»  мешітінде өтті. Жұма намазынан кейін қала тұрғындары мен мешіт жамағаты мешіт наиб имамы Азамат Сайлауұлына көкейлерінде жүрген діни сұрақтар қойды.  Атап айтқанда  ақида және фиқһ жайынан (құлшылық, неке және талақ, сауда-саттық) жамағаттың маңызды сұрақтарына тұшымды жауап берілді. Айта кетейік бұл бастама облыс бойынша мешіттерде алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіледі.

 

Қарағанды облысы бойынша баспаөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары