Қарқаралы ауданына қарасты Жаңатоған ауылында «Құран – мұғжиза» тақырыбында жас жеткіншектер арасында Құран оқудан жарыс ұйымдастырылды.
Аймақ имамы әрі Қарқаралы ауданы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Қанат Мұхаммедтің ұйымдастыруымен өткен сайыста қатысушылар асыл дініміздің діңгегі Құран Кәрімнді жатқа, сондай-ақ, көркем де мағыналы оқуға тырысты.
Рухани шараға Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов арнайы қатысып, қатысушыларға уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың соңында жеңімпаздар анықталып, мешіт атынан жүлделер тапсырылды.
Сонымен қатар, берекелі шараны ұйымдастырған аймақ имамы Қанат Мұхаммед аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер