Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына «Жанұя жарасымы» тақырыбында рухани кеш болып өтті.
«Ислам және ізгі қоғым» жылы аясында өткен шара барысында мешіт ұстазы жинлған әйел-қыздар қауымына «Отбасы құндылықтары», «Исламдағы әйел адамның рөлі», «Ер мен әйелдің қарым-қатынасы», «Исламдағы бала тәрбиесі» сынды тақырыптар аясында уағыз-насихат айтты. Шаңырақтың от аналарына нағыз керек және пайдалы ақпараттар тарқатылған шарада нәзік жандылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына да түрлі жауаптар алды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер