Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өмірге үміт сыйла» жобасы жалғасын тапты
10 шілде, 2023 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында  ауыр дертке шалдыққан Күмісжан есімді азаматшаның еміне қаржылай көмек берілді. Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында науқас жанға  300 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты ана қазіргі уақытта өмір сүруге қолайсыз қораны пана тұтуда. Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген  жан  қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары