ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертке шалдыққан Аслан есімді бүлдіршіннің еміне қаржылай көмек берілді. Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында науқас балаға 300 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
Баласының дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген ана қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер