Center Image
IHSAN.KZ
«Дильназ» «Акжайык» ұн өнімдері сертификатын жаңартты
«Дильназ» «Акжайык» ұн өнімдері сертификатын жаңартты

   Қарағанды қаласындағы  «Акжайык 2011» ЖК  кәсіпорнының  «Дильназ» «Акжайык» бидай ұн өндірісінің - «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды. 

Арнайы жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді.

Арнайы жаңартылған сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады. 

 «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «Дильназ» «Акжайык» наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар. 

Мекен-жайы:Қарағанды қаласы, Асфальтная көшесі 16/4

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz