Center Image
IHSAN.KZ
Абайда әйелдер жамағаты мәуліт мерекесін ұлықтады
Абайда әйелдер жамағаты мәуліт мерекесін ұлықтады

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған рухани мәуліт кеші өтті.

Рухани шара аудан имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен және мешіт ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Мерейлі мерекеге 50-ден астам нәзікжанды жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы арнайы қонақ болып, жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады. Шара барысында уағыз-насихат айтылып, Құран хатым дұғасы жасалып,  ұстаздар Өзінің уағыз-насихатын айтып, кеш қонақтарына ыстық ілтипатын жеткізді. Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

ҚМДБ-ның қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz