Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт ауласына спорттық жабдықтар орнатылды
Мешіт ауласына спорттық жабдықтар орнатылды

   Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен   мешіт ауласына жамағаттың спортпен шұғылдануына арналған спорттық жабдықтар орнатылды.

Атап айтқанда белтемірлер мен турниктер орнатылып, мешітке келушілердің игілігіне ұсынылды.

Сонымен қатар,  айтулы күннің құрметіне орай мешіт шәкірттері мен жамағаты арасында  спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты жамағатты салауатты өмір салтына баулу және ауызбіршілікті нығайту.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz