Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде еріктілер еңбегі еленді
«Әнет баба» мешітінде еріктілер еңбегі еленді

   «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Республика күні мерекесінің құрметіне  орай мешіт істеріне қолұшын беріп жүрген еріктілер тобы мен жас жеткіншектерге мерекелік дастархан жайылды. 

Шара барысында жиналған еріктілер тобына отансүйгіштік пен имандылық иірімдері турасында насихат айтылды.

Игі шара  «Дін мен Дәстүр» бағыты  және «Зекет және қайырымдылық»  қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.  Берекелі отырыс барысында жастарға дін мен дәстүр аясында сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, мешіт ауласында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz